ik_051_kz

«Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы өнеркәсіптегі бизнес-процестерді ұйымдастыру мен басқару саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесін жинақтаған кәсіпорындар тобы болып табылады.

 «Гидромаш-Орион» кәсіпорындар тобы Қазақстан мен ТМД елдері экономикасының перспективалы секторлары: мұнай-газ, энергетика, құрылыс салаларында стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға маманданған.  

 Топтың қызметі инвестициялық идеяны әзірлеу, бизнес-жоспарлау, қаржы тарту, жобалау-іздестіру жұмыстары, инженерлік жобалау, жабдықты өндіру және жеткізуді қоса алғандағы инжинирингтің толық циклынан бастап өнеркәсіптік нысанның «кілтін тапсыруға» дейінгі толық кешенді жұмыстарын қамтиды.

Компания тобының кәсіпорындары мұнай-газ, энергетика жабдықтарын, машиналар мен агрегаттарды өндіруге, сондай-ақ EPC келісім-шарттарын жүзеге асыруға дәстүрлі түрде маманданған және қазақстандық нарықта кеңінен танымал. Өнімдер ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дайындалады және талап етілетін сынақтардың толық циклінен өтеді.

Гидромаш-Орион 25-тен астам инвестициялық жобаларды жүзеге асырды, соның ішінде:
  • Орал қаласындағы қуаты 54 МВт газтурбиналық электр станциясын жобалау, жабдықтарын әзірлеу, өндіру және іске қосу;
  • қуаттылығы 10 Гкал/сағ, теңдесі жоқ инновациялық мұнай жылыту пешін әзірлеу және өндіру;
  • газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндейтін және оларға техникалық қызмет көрсететін, газ компрессорлық станцияларға қажет жабдықтарды өндіретін цехтың құрылуы;
  • Қазақстандағы магистральдық газ құбырларының газ компрессорлық станцияларын қайта құру;
  • Сонымен қатар, бірқатар жоғары технологиялық өндірістер құрылды, бұрын Қазақстанда шығарылмаған өнімдер игерілді, қазақстандық машина жасау саласында республикада бұрын болмаған жаңа бағыттар пайда болды.

ХОЛДИНГ ҚҰРЫЛЫМЫ

Электр энергиясын өндіру
Газ тасымалдау мен энергетика салалары үшін жабдықтар
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және мұнайды қыздыратын пештер
Темірбетон өндірісі
Құрастырмалы ғимараттар мен жиһаз өндірісі
Кәсіптік оқыту