zkmk_06

Business Solutions

  1991 жылы «Гидромаш» АҚ базасында құрылған «Гидромаш-Орион зауыты» ЖШС өндірістік компаниясы «Гидромаш-Орион» кәсіпорындар тобының құрылымына кіреді және өндірісте  келесі өнімдерді шығаруға маманданған:

  • мобильді көпфункционалды ғимараттар мен кешендер өндірісі;
  •  штамптар мен қалыптарды өндіру;
  •  металл конструкцияларын және стандартты емес жабдықтарды өндіру;
  •  металл қаңқалардан тұратын жиһаздар жасау;
  •  тез орнатылатын әмбебап сөрелерді өндіру;
  • құрастырмалы металл шкафтарды өндіру.

1997 жылдан бастап кәсіпорын жылжымалы мобильді ғимараттарды шығара бастады. Өткен кезеңде Қазақстан және таяу шет елдер аумағына 2500-ден астам жылжымалы ғимараттар мен ондаған вахталық кешендер шығарылды.

Сонымен қатар, кәсіпорын  кеңселерге, үйлерге, кафелерге, барларға, мейрамханаларға, оқу және медициналық мекемелерге, кинотеатрлар мен акт залдарына, сауда және көрме салондарына арналған жиһаздарды, сөрелер мен металл шкафтарды өндіруді  де іске асырды    және осы өндірісті  жетілдіре түсуде.

Кәсіпорында заманауи өндірістік база  бар және  жоғары сапалы өнім шығару  үшін  барлық жағдай жасалған. «Гидромаш-Орион зауыты» ЖШС-нің барлық өндіретін және жеткізетін өнімдері сертификатталған.

Кәсіпорында қолданылатын Сапа Менеджменті жүйесі өнімді дайындаудың бүкіл   циклін қамтиды және ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді.

Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты:

  • 400 бірлік  жылжымалы ғимараттар;
  •  4000 м2 вахталық қондырғылар;
  •  4000 бірлік металл шкафтар;                              
  •  5000 металл сөре жинақтары.

Компания шығаратын жылжымалы ғимараттардың бірқатар артықшылықтары бар:

  • Терезелері мен есіктері еркін жайғастырылатын  қысқа мерзімде  құруға ыңғайлы үй-жайлар;
  • Ғимараттарды көшіру кезінде  бірнеше рет қайта құрастыру және бөлшектеу мүмкіндігінің болуы;
  • Автомобиль және теміржол көлігімен тиімді тасымалдау мүмкіндігі;
  • Ғимараттың инженерлік желілері толық  әзірленуімен  көлемдік-жайғасымдылық шешімін жедел өзгерту мүмкіндігі;
  • Зауыттың толық дайындығы және жиһаздармен, жабдықтармен барынша толық қамтылуы;
  • Нысанның құрылысы үшін  уәкілетті органдардың  сансыз  рұқсат беру актілерінің талап етілмеуі.

Компания вахталық кешендерді, стационарлық ғимараттарды, шассидегі жылжымалы ғимараттарды, бір және екі деңгейлі құрастырмалы  ғимараттарды өндіруден бастап жеткізуге және кілтін тапсыруға дейінгі  кешенді  қызметтерді ұсынады.