zkmk_05

Газсервис

  Жобалау кезінде инженерлік есептердің, сметалық құжаттамалардың дәлдігін және жобалық құжаттаманың графикалық көрсетілу сапасын қамтамасыз ететін заманауи компьютерлік технологиялар мен мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық пакеттер пайдаланылады.

«Газсервис» ЖШС  2010 жылдан бері  бүкіл Қазақстан бойынша ғимараттар мен құрылыстарды кешенді жобалаумен айналысады.  Компания мамандары азаматтық және өнеркәсіптік нысандар үшін қажетті кез келген жобалық құжаттаманы жасай алады.

«ГАЗСЕРВИС және Ко» ЖШС-гі бастапқы деректер мен іздестіру жұмыстарын жинаудан бастап жобалық құжаттаманы келісулер мен авторлық  қадағалауға дейінгі барлық жұмыстарды, сонымен қатар газбен жабдықтау және инженерлік желілер бойынша арнайы бөлімдер  жұмысын атқара білетін білікті мамандармен қамтамасыз етілген.

Барлық жұмыс орындары заманауи инженерлік-техникалық құралдармен:  жұмыс процесін толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін  есептеу техникасымен,   көшіру және көбейту жабдықтарымен, лицензияланған графикалық және есеп айырысу өнімдерімен жабдықталған.

«Газсервис және Ко»  ЖШС келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • газбен жабдықтау жүйелерін жобалау;
  • жобалық- іздестіру қызметі;
  •  инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
  • инженерлік геологиялық және инженерлік
  • гидрогеологиялық жұмыстар;
  •  қала құрылысын жобалау;
  •  I, II және III-ші жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар үшін  архитектуралық жобалау.
  • инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
  • тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды,
  • өндіріске арналған обьектілерді, көлік, байланыс және қарым-қатынас инфрақұрылымдық нысандарын технологиялық жобалау;
  • авторлық қадағалау.
Зеленов ауданы Трекино ауылындағы жаңа тұрғын үй алабына көгілдір отын жеткізу үшін жоғары қысымды жетекші газ құбырын қайта жаңғырту және ауыл ішіндегі орта қысымды газ құбырының құрылысын жүргізу.

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысын газбен қамту желісі (АГТС).

Қазақстан, Орал қаласындағы сәулет-құрылыс жобасы.