«Гидромаш-Орион» ИК» ЖШС Қазақстан-Эстония іскерлік ынтымақтастығына қатысты

«Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 23–24 қаңтарда Таллин қаласында өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына қатысты.

Отырыс Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнаның тең төрағалығымен өтті. Іс-шараларға екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және іскерлік орта өкілдері қатысты.

Іскерлік бағдарлама аясында «Гидромаш-Орион» ИК» ЖШС өкілдері Эстонияның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, елдің көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымының әлеуетімен танысты. Бағдарлама шеңберінде Силламяэ порты (Port of Sillamäe), BLRT Grupp және Baltic Workboats кәсіпорындары араланып, тікелей іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған кездесулер ұйымдастырылды.

Тараптар көлік-логистикалық өзара іс-қимыл, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технологиялық тәжірибе алмасу және перспективалы серіктестік бағыттарын кеңейту мәселелеріне баса назар аударды. Комиссия жұмысына қатысу «Гидромаш-Орион» ИК» ЖШС үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өндірістік әрі инфрақұрылымдық салаларда озық еуропалық тәжірибені енгізуге тың мүмкіндіктер ашты.

ХМКБ технологиялық металдар жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады

ХМКБ технологиялық металдар жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады Химиялық машина жасау конструкторлық бюросы (ХМКБ) «Технологиялық металдар саласындағы өндірісті, ғылым мен білім беруді дамыту келешегі –

Оқу »

«БҚМК» АҚ ASME стандарттары бойынша аккредиттеуден табысты өтті

«БҚМЖК» АҚ ASME стандарттары бойынша аккредиттеуден табысты өтті «БҚМЖК» АҚ Америкалық механик-инженерлер қоғамының (ASME) стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, «U» және «R» таңбаларын қолдану

Оқу »

«БҚМЖК» АҚ пен Baker Hughes турбиналар мен компрессорларға қызмет көрсетуді локализациялау бойынша келісімшартқа қол қойды

«БҚМЖК» АҚ пен Baker Hughes турбиналар мен компрессорларға қызмет көрсетуді локализациялау бойынша келісімшартқа қол қойды «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен халықаралық энергетикалық технологиялар

Оқу »

«Гидромаш-Орион» ИК» ЖШС испаниялық GECI компаниялар тобымен консорциум құру туралы келісімге қол қойды

«Гидромаш-Орион» ИК» ЖШС испаниялық GECI компаниялар тобымен консорциум құру туралы келісімге қол қойды «Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы» ЖШС испаниялық GECI Group компаниялар тобымен ынтымақтастық консорциумын құру

Оқу »